Жасөспірімнің жағдайы тұрақты

815

0

Кеше облыс орталығында жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 10 жасар оқушыны қағып кетті. Жол апатынан кейін ол бірден облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Жағдайды бағалағаннан кейін дәрігерлер оны реанимация бөліміне жатқызды.

Дәрігерлер зардап шеккен жасөспірімге барлық қажетті медициналық көмек көрсетті. Жасөспірім түрлі жарақат алған. Бақытымызға орай, балалар ауруханасы дәрігерлерінің шеберлігі мен кәсіпқойлығының арқасында бүгінде ол өзіне келіп, бөлімге ауыстырылды.

Оның жанында анасы бар. Жағдайы жақсы. Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<