Жазушы Ғалымбек Елубайұлы өмірден өтті

366

0

Фото: ашық дереккөз

Талантты жас жазушы Ғалымбек Елубайұлы 39 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Kazinform.

Оның Алаш мұрасын жинақтауда сіңірген еңбегі зор. 2011-2016 жылдары Шымкент қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде қызмет ете жүріп, Алаш қайраткерлерінің құнды еңбегі жарияланған «Ақ жол» газетін транскрипция жасап, 25 томдық кітаптың шығуына себепкер болды.

Жазушы «Шала бауыздалған ақ ешкі», «Тумай тұрып өлімге кесілгендер», «Бүйі қаптаған жаз», «Құралай тышқанның боғы» секілді әңгімелерімен танылды. Оның 2023 жылы «Жүз жетінші көктем» кітабы жарық көрген болатын.

Ғалымбек Елубайұлы 1984 жылы 9 қаңтарда Қытайдың Алтай аймағы, Көктоғай ауданында дүниеге келген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<