Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 82 қазақстандық 12 071 470 тенгені құрайтын сыйақы алған

340

0

Тамыздың бірінші жұлдызында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференцияда қазақстандықтардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов жауап берген болатын.

Онда Бектенов биылғы жылы коррупция фактілерін атағандарға 12 млн теңге көлемінде сыйақы берілгенін атаған.

Осыған байланысты, Stan.kz жіберген ресми сауалына жауап қатқан агенттіктің айтуынша сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 82 азамат, барлығы 12 071 470 тенгені құрайтын сыйақы алған.

«Оның ішінде ауыр емес қылмыс туралы 1 азамат, ауырлығы орташа қылмыс туралы 31 азамат және ауыр қылмыстар туралы 50 азамат хабарлаған.

Сыбайлас жемқорлық фактілері дәлелденген әр іс бойынша хабарлаған тұлғалар сыйақылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» ережелері негізінде қылмыстың ауырлық дәрежесіне қарай төленеді», – дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<