Жол апатынан 5 адам көз жұмды

502

0

Қызылорда облысында Самара – Шымкент тас жолында қайғылы жол-көлік оқиғасы салдарынан адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент – Самара тас жолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысу салдарынан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.

Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<