Жолаушылар автобусы өртеніп кетті

355

0

Нұр-Сұлтанда көше ортасында жолаушыларды тасымалдап жүрген автобус өртеніп кетті деп хабарлады turkystan.kz.

27 шілдеде сағат 14:45-те қалалық төтенше жағдайлар департаментіне Керей-Жәнібек хандар мен Түркістан көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатыр деген хабар түскен.

«Маршруттық автобустың қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өрт 14.58-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 5 адам мен 1 техника жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<