ҒАЛЫМ, ТӘЛІМГЕР

ҒАЛЫМ, ТӘЛІМГЕР

Ізгі арман биіктерге жетелейді. Ал сол ізгі арман арқылы елдің мүддесі үшін қызмет жасап, халықтың сүйіспеншілігіне бөлену құрметі әркімнің пешенесіне бұйыра бермейді. Бұл сайып келгенде, тынымсыз еңбектің, қажымас қайраттың жемісі болып табылады. Біздің бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған азаматтың бүтін болмысы осындай игі қасиеттерден жаралғанын айрықша атап өткіміз келеді.
ТАҒЫЛЫМ 09 қараша 2017 г. 21 0

АТАНДЫМ ОН АЛТЫМДА ҚАРАТОРҒАЙ...

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз» дейді. Сондай-ақ, әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен де тануы қажеттігін атап өтеді. Осы ретте дауысы грамофонға бірінші болып басылған қазақ қызы туралы сыр шерткенді жөн көрдік.
ТАҒЫЛЫМ 09 қараша 2017 г. 19 0
ҚАЛАМГЕРЛІК ЖОЛДЫ ҚАСИЕТ ТҰТҚАН

ҚАЛАМГЕРЛІК ЖОЛДЫ ҚАСИЕТ ТҰТҚАН

Белгілі журналист Сахи Қапардың бірде екеуара болған әңгіме арасында:– Құтеке, біздер де, әне-міне дегенше, алпысқа келіппіз-ау, – дегені бар.
ТАҒЫЛЫМ 08 қараша 2017 г. 23 0
САНАДАН АЛЫСТАМАС АСЫЛ БЕЙНЕ

САНАДАН АЛЫСТАМАС АСЫЛ БЕЙНЕ

Мынау жайқалып, жасанып тұрған туған жердің жүрегін жақыннан тыңдаған адам болса, сөз жоқ, біздің бүгінгі өміріміздің берекесін бес елі бейнетпен жасаған небір жайсаң, асыл бейнелердің өміртарихынан сыр тартар еді.
ТАҒЫЛЫМ 06 қараша 2017 г. 29 0
БІЗДІҢ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫ

БІЗДІҢ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫ

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – Елбасы өзі ашып, батасын берген еліміздегі танымал білім ордаларының бірі. Мұндағы 13 факультетте облыстың аудандары мен қалаларынан барып білім алған түлектеріміз бен оларды білім нәріне сусындатып жүрген тәжірибелі ұстаздарымыз көп. Солардың бірі – Академиялық мәселелер департаментінің директоры Шәмен Палымбетов. Білікті басшы жуырда алпыс үш жасқа аяқ басты.
ТАҒЫЛЫМ 06 қараша 2017 г. 21 0
Абдолла Сапардың ақырет сапарындағы өлең

Абдолла Сапардың ақырет сапарындағы өлең

Қазалыдағы қазағым, тіршілік еткен тірмізік, Жалғанның тағы жалған екенін білгізіп. Қайда алып жөнедің, қара көзіңнен мұңды үзіп. Аттан құлаған ақыныңды көкірегіңдегі таққа мінгізіп.
ТАҒЫЛЫМ 02 қараша 2017 г. 380 0
ИШАН-АТА  НЕМЕСЕ ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ

ИШАН-АТА НЕМЕСЕ ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ

Шілде айында боз дала базаң тартып, сағымға шомылғанда, жап-жасыл боп әрін бермес бұл мекен «Сіңіртек» деп аталады.
ТАҒЫЛЫМ 02 қараша 2017 г. 38 0
ЖАРЫҒЫ СӨНБЕС ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗЫ

ЖАРЫҒЫ СӨНБЕС ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗЫ

Өткен ғасырдың бас кезінде небары 23 жыл ғана жасап, аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан Ғани Мұратбаевты тәуелсіз еліміздің жастары өнеге тұтуы тиіс. Өйткені, бүгінгі күнді ғана емес, келешек үшін басын тігер Ғанидай жігерлі жас қазақ үшін қашанда керек. Еске салайықшы, жарқылдап тұрған жалынды жас шығыс жастардың көсемі болды. Түркістан комсомолының ІІІ-сьезінде орталық комитеттің мүшелігіне сайланса  (1920 жыл)  сонымен қатар қазақ-қырғыз бюросын да басқарды. Ал 1921 жылы әуелі Самарқан өлкелік комсомол комитетінің,  кейіннен Түркістан Республикасы комсомол ұйымы ОК-нің бірінші хатшылығына сайланды. Осы уақыт аралығында Тәшкен қаласында «Жас алаш» газетін ұйымдастырып, оның тұңғыш редакторлығын да атқарды. 
ТАҒЫЛЫМ 30 қазан 2017 г. 136 0
ХАЛҚЫНА ЫСТЫҚТА САЯ, СУЫҚТА ПАНА БОЛҒАН

ХАЛҚЫНА ЫСТЫҚТА САЯ, СУЫҚТА ПАНА БОЛҒАН

Тәуке ханның қолбасшы батыры Текей Қарпықұлының 350 жылдығына арналған шаралар жұма күні де жалғасын тапты. «Достық үйінде» «Ер Текей» кітабының тұсаукесер рәсімі өтіп, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов  жарық көрген деректі хикаяттың тарихи деректер мен архив құжаттарына сүйенген құнды дүние болғанын айтты. Кітап авторы С.Зәкерұлы алмағайып заманда елін жаудан қорғаған батырдың өмір дерегінен сыр шертетін, тарихи шындықпен ұштасатын көркем туындының ұрпақ тәрбиесіндегі орнына тоқталды.
ТАҒЫЛЫМ 30 қазан 2017 г. 27 0
ХИРУРГ

ХИРУРГ

Облыстық медицина орталығы аймақта мамандардың ұстаханасы саналады. Себебі, мұнда қызметке келген кез келген жас дәрігер еңбек жолында саулығына сауға сұрай келген сырқат жандардың ауруынан айықтыруда талай қиындықтармен күресе жүріп шыңдалады. Дәрігердің емінен дауа тауып, дертінен айыққан жандар өмір бойы ол маманды аузынан тастамай «алтын қолды дәрігер» атап, алғысын айтып жүретіні анық. Аймаққа есімі танымал сондай білікті дәрігердің бірі – хирург Нұриддин Әмитов. Ол бүгінде медицина орталығы директорының хирургия бойынша орынбасары.
ТАҒЫЛЫМ 27 қазан 2017 г. 31 0