ХИРУРГ

ХИРУРГ

Облыстық медицина орталығы аймақта мамандардың ұстаханасы саналады. Себебі, мұнда қызметке келген кез келген жас дәрігер еңбек жолында саулығына сауға сұрай келген сырқат жандардың ауруынан айықтыруда талай қиындықтармен күресе жүріп шыңдалады. Дәрігердің емінен дауа тауып, дертінен айыққан жандар өмір бойы ол маманды аузынан тастамай «алтын қолды дәрігер» атап, алғысын айтып жүретіні анық. Аймаққа есімі танымал сондай білікті дәрігердің бірі – хирург Нұриддин Әмитов. Ол бүгінде медицина орталығы директорының хирургия бойынша орынбасары.
ТАҒЫЛЫМ 27 қазан 2017 г. 31 0
ЕЛ АУЗЫНДАҒЫ ЕР МІНЕЗ немесе Муфтулла Дабылов туралы сыр

ЕЛ АУЗЫНДАҒЫ ЕР МІНЕЗ немесе Муфтулла Дабылов туралы сыр

 Қызметін қанша бір жерден біліктілікпен атқарып жүрсе де жұрт назарынан таса қала беретін талай кісіні көрдік. Өйткені олар сол қызмет бабынан әрі аспайды. Тапсырманы орындайды, тәртіп бұзбайды, өзгенің мүддесіне өз жанынан қосатын қолқайыры болмайды. Біз айтқалы отырған адам олардан мүлде бөлек. Ерекше, еркін, елшіл, көптің мұқтажын жеке қажетінен жоғары қоятын жан. Әсіресе оның туған жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігі әркімде жоқ бір биіктік. Жолығысқан адамының жадында қалып қоятын жақсы қасиеттері бір төбе.
ТАҒЫЛЫМ 24 қазан 2017 г. 40 0
ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАР ҒАЛЫМЫ

ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАР ҒАЛЫМЫ

Халқына өлшеусіз еңбек сіңірген текті тұлға­лардың өмірі мен өнегесін жамағат назарына ұсынып отырудың мәні айрықша. Биыл атақты ғалым Шахмардан Есеновтің туылғанына 90 жыл толып отыр. Алты алаштың анасы атанған Сыр өңірі еңбегін әлем мойындаған айтулы академиктің мерейлі мерекесін облыс әкімінің бастамасымен кең көлемде атап өтуде. Әсіресе, Шиелі ауданының жұртшылығы өздерінің еңбек жетістіктерін осы мерейге арнап, биылғы егін жинау науқанын қысқа мерзімде аяқтап үлгерді. Күріштен жоғары өнім алды. Осы орайда қоғам қайраткері, дарынды ғалым Шахмардан Есеновтің өмір дерегіне шолу жасамақпыз.
ТАҒЫЛЫМ 21 қазан 2017 г. 37 0
Шахмардан Есенов жайында

Шахмардан Есенов жайында

Кеңес НҰРПЕЙІСҰЛЫ,  ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың  иегері:  – Шахаң  өмірінің соңғы жылдарында (1978-1994 жж.) 1949 жылы өзі бітірген Қазақ кен-металлургия  институтының (кейін политехникалық, ал қазір Қазақ Ұлттық техникалық университеті) пайдалы қазбалардың кен көздерін іздестіру және барлау әдістері кафедрасының меңгерушісі болды, ол салиқалы ұстаз ретінде Қазақстанның халық шаруашылығы үшін жоғары білімді техникалық интеллигенция кадрларын дайындауға қомақты үлес қосты.
ТАҒЫЛЫМ 19 қазан 2017 г. 44 0
ШАХМАРДАН - ДАРЫНДЫ ҒАЛЫМ,  ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

ШАХМАРДАН - ДАРЫНДЫ ҒАЛЫМ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

Қазақстан Ғылым академиясы тарихында бірнеше ірі ғалымдар оның президенті болды. Солардың ішінде Қаныш Сәтбаев пен Шахмардан Есеновтың орны бөлек. Екеуі де геолог. Бірі – Қазақстан Академиясының іргесін қалады. Екіншісі – оның ісін жалғастырды. Екеуі де  мемлекетіміздің күш-қуатына мол үлес қосты.
ТАҒЫЛЫМ 19 қазан 2017 г. 38 0
ТАУЛАРҒА ТАУЛАР ИЫҒЫН СҮЙЕП ТҰРАДЫ

ТАУЛАРҒА ТАУЛАР ИЫҒЫН СҮЙЕП ТҰРАДЫ

Мұстафа Шоқай шыққан өңірден тағы бір нар тұлғаның шықпауы мүмкін емес. Шахмардан Есенов – тек Сыр елінің ғана мақтанышы емес, бүкіл исі қазақтың маңдайына басқан тұлғасы. Биыл осынау көрнекті тұлғаның туғанына – 90 жыл.
ТАҒЫЛЫМ 19 қазан 2017 г. 263 0

ҮШ КЕЗДЕСУ (эссе)

«Тура тоғызда келемін деп еді. Екі сағат болды, әлі жоқ. Денсаулығы қалай екен өзінің. Баратын жері де бар еді. Оу, бұл Әукеңдер не көрмеді сұрқай тіршілікте. Сол жаманшылық жылдары екі ағасы бірдей атылып кетті. Өзі әйтеуір дәм-тұз бұйырып аман қалды. Аты-жөнін өзгертіп, Қарақалпақ асты. Сол жақтың нан-тұзы бұйырып, әйтеуір аман қайтты. Қазақ ғалымы, қазақ ауыз әдебиетінің тұнығы, сарқырап аққан Сырдариясы ғой бұл кісілер». Шахмардан сағатына қарады. Уақыттың тілі таңғы оннан асып барады. Бір елдің Ғылым академиясының басшысына істер іс аз ба еді? – «Тағы бір жарты сағат күтейін. Денсаулығы сыр беріп жүрген жоқ па екен ағамыздың?». Өзінің іс қағаздарын аударыстырып, қол қоятынына қол қойып, күн дүйсенбі болғасын үлкен ұжымның тәртібіне бағынып, тағы да сағатына қарады.
ТАҒЫЛЫМ 19 қазан 2017 г. 27 0
САН ӨНЕРДІҢ САҢЛАҒЫНА АРНАЛДЫ

САН ӨНЕРДІҢ САҢЛАҒЫНА АРНАЛДЫ

Аптаның сейсенбі, сәрсенбі күндері Жаңақорған ауданында режиссер, драмматург, ақын Әмір Мәжитовтің 80 жылдығына арналған  «Өнерден озған тарлан» атты облыстық мәдени шара тамашаланды. Көрермендер мен оқырмандар назарын аударған аталмыш мәдени шараны Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюссерлік орталығы мен Жаңақорған аудандық мәдениет тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп ұйымдастырды. Оған Жаңақорған ауданының әкімдігі қолдау білдірді.  
ТАҒЫЛЫМ 17 қазан 2017 г. 28 0
КӨНЕ ӨНЕРДІҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ

КӨНЕ ӨНЕРДІҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ

Ел іші – өнер кеніші. Соның ішінде қолөнер шеберлерінің орны бір төбе. Оның үстіне ұлттығымыздың нышанын асқақтатып, қазақылығымызды дәріптеушілердің көптігі көңіл қуантады. Жастайынан көз майын тауысатын шығармашылық еңбекке етене араласқан Зухра Баймырзаева да дәстүрлі өнерге ден қоюшылар қатарынан.  
ТАҒЫЛЫМ 14 қазан 2017 г. 31 0
ШЫН ДОС БОЛУ БІР БАҚЫТ

ШЫН ДОС БОЛУ БІР БАҚЫТ

Уақыт төреші деген дұрыс екен. Алға озған сайын жүріп өткен жолда қалған іздер, естеліктер сонау алыстаған күндерді еске салады. Қазақта дос деген дәріптеме сөз бар. Бұл – өте жақындықтың, бір-бірін қимайтын, жамандыққа жібермейтін, адалдыққа тән адами қасиеттің белгісі. Байбөрімен достығымызды осындай теңеумен бастағанды жөн санаймын.
ТАҒЫЛЫМ 30 қыркүйек 2017 г. 67 0