Өлеңмен өрілген өмірі

2550

0

Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен жерлесіміз, ақын, ҚР жазушылар одағының мүшесі Жетіскен Мәкеналының туғанына 70 жыл толуына орай «Өлеңмен өрілген өмірі» атты ақын шығармашылығына арналған танымдық кеш болып өтті.

Танымдық шарамыздың алғы құттықтау сөзі Майдакөл ауылдық округі әкімі Құрманбаев Қонысбек Ктабияұлы сөйлеп, өскелең өскелең ұрпаққа ақын өлеңдері мол мұра екендігін жеткізді.

Кешімізде ақын өмір жолынан видеоролик көрсетіліп, ақыннның сөзіне жазылған әндер орындалып, жыр шумақтарын «Көркемсөз» үйірме мүшелері мәнерлеп оқыды.

Сонымен қатар, кеш соңында ауылымыздың құрметті азаматтары Абай Жәметов, Жаңбырбай Қалниязов, Жәнібек Сармолда ағаларымыз ақын жайында ыр шертіп, кеш өнерпаздарына өз алғыстарын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<