10 млн теңгенің өнімі сатылды

622

0

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында кеше Жаңақорғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жергілікті тұрғындар ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Онда көпшілік, әсіресе ет өнімдері мен көкөністі көптеп алуға тырысты.

Жәрмеңкеде күнделікті тұтынуға қажетті өнімдер көтерме бағада ұсынылды. Барлығы 120 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, жалпы құны 10 млн теңгенің өнімі сатылды. Баға былайғы нарықтан 20-30 пайызға төмен. Айталық, сәбіз 70 теңге, пияз 170, картоп 150 теңге, қауын 80, қарбыз 40, балық 1100, шемішке майы 730 теңге, күріш 220 теңге, қырыққабат 80, қызанақ 80, асқабақ 150 теңгеден болды.

Аудан әкімдігі Талдықорған қаласындағы «Көксу» қант зауытымен келісім-шартқа отырып, ауданға 68 тонна қант жеткізген. Қазіргі уақытта қант 510 теңгеден сатылуда. Жәрмеңкеде 500 теңгеден сатылды.

Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өткен аптада Шиеліде ұйымдастырылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<