Әскери ортада қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу маңызды

1116

0

«Прокуратура туралы» Заңына сәйкес прокуратура органдарына заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі міндеттер жүктелген.

Құқықтық тәрбиенің түпкі міндеті – заң талаптарын терең меңгеруді қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге әскери қызметшілердің санасына құқықтық нормаларды қатаң және мүлтіксіз жеткізу болып табылады.

Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасымен 2022 жылдың өткен кезеңінде 1 гарнизондық ведомствоаралық жиналыс өткізіліп, онда әскерлерде құқық бұзушылықтың алдын алудың 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету сұрақтары қаралды.

Ведомствоаралық жиналыстың жұмысын ұйымдастыруға бақылау күшейтіліп, кемшіліктерге жол бермеу үшін бір қатар шаралар қолданылды.

Атап айтқанда, 2022 жылы атқарылатын жұмыстар туралы одан басқа қылмыстық құқық бұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әкімшілік практиканың, адамның қаза болуы, жарақаттанудың, мемлекеттік шекараны күзету және БАҚ сыни материалдар жариялау мәселелері бойынша сұрақтар қаралды.

Тұрақты негізде ведомствоаралық кеңестің өзара іс-қимылдың тиімділігі арттырылып, жұмыстар жүргізілді. Бұл гарнизондағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің нағаюына үлесін қосты.

Атап айтқанда, қылмыстылықтың алдын алу мақсатында Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасы қызметкерлерімен Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының қадағалау аумағындағы әскери бөлімдерде, мекемелерде 26 Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бойынша лекциялық әңгімелер өткізілген.

Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасымен ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес 1 ұсыныс енгізіліп, Қызылорда гарнизоны әскери прокурордың қатысуымен қаралу нәтижесімен 9 лауазымды әскери тұлғалар әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және олардың профилактикасы жөніндегі жұмыстарыжандандырылды. Барлық шараларды қабылдай отырып, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық көңіл-күйіне теріс әсер ететін себептер мен жағдайларға тұрақты негізде талдау жүргізілуде.

Ведомствоаралық кеңестің мемлекеттік шекараны күзету сұрақтары бойынша гарнизонның әскери прокуратурасымен, ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша Департаментінде басшысының қатысуымен, Шекара бөлімдеріндегі заңбұзушылықтың алдын алу мақсатында сабақтар өткізілді.

Департаментінің Шекара бөлімшелерінің жеке құрамымен профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру үшін әскери прокуратура, әскери басқарма және қылмыстық қудалау органдарының лауазымды тұлғаларының заставаларға шығу тәртібі мен уақыты анықталды.

Бұған қоса, әскери басқарма және қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлеріне тексеру барысында анықталуы тиіс сұрақтарының тізімі жеткізілді.

Тексерілген Шекара бөлімшелерінде профилактикалық шараларды жүзеге асыру барысында, анықталуы тиіс сұрақтар тізімінен бөлек, ҚР ҚК-нің ҚР Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бұзу (445-бап), әскери қызметшiлер арасында өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу (440-бап)және басқа да қылмыстық заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікпен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары түсіндірілді.

Бөлімдерінің жеке құрамының, атап айтқанда мерзімді әскери қызметшілердің моральді-психологиялық жағдайы қанағаттанарлық, денелерін әскери полициямен бірлесіп тексеру барысында, мерзімді әскери қызметшілердің денсаулығына шағымдану және жарғылық қағидалардан тыс қарым-қатынас белгілері орын алмаған.

Алдын алу жұмыстарды жүзеге асыру барысында әлеуметтік шиеленіс ошақтарын, гарнизон әскери қызметшілерінің құқықтарын, өмірі мен денсаулығын сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуды жандандыруға негізделген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде гарнизондағы криминогендік жағдайы тұрақты, қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері орын алмаған. Қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу үнемі Қызылорда гарнизоны әскери прокуратураның басты назарында.

   Б.Қаратаев,

Қызылорда гарнизоны

әскери прокурорының

орынбасары

әділет майоры     

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<