1926 жылғы Наурыз

803

0

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, татулық пен тазалықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелер Ұлық мереке.

Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпыхалықтық сүйікті мерекесіне айналды. Көктемнің осы бір әдемі шағында табиғат қайта түлеп қана қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсінігін нығайтатын адам баласының да жан дүниесі жаңғыра түседі. Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, ізгілік пен жақсылықтың мейрамы.

Қазақ халқы Наурыз мерекесін ықылым заманнан бері мерекелеп келеді. Тек Кеңестер өкіметі орнағаннан кейін ежелден келе жатқан бұл мерекені тойлау үзіліп қалды. Тарихқа сәл шегініс жасасақ, Қызылорда қаласы еліміздің астанасы болған тұста, 1926 жылы Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өткен екен. Бұл ұлық мерекеге Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Жалау Мыңбаев қатысып, халықты құттықтады. Сонымен қатар, қаланың шығыс жағы Бірқазан елді мекеніне жақын жерде үлкен атжарыс ұйымдастырылғаны тарихи шындық.

Кейін бұл дәстүр ескінің сарқыншағы делініп, атап өтуге тыйым салынды. Соған қарамастан ауыл-аймақтарда Наурыз мерекесі жасырын өткізіліп отырды.

Сәкен Серікбаев,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы облыс бойынша

Кәсіби даму институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<