2,5 пайыз: Қомақты несие қай бағыттарға?

351

0

Кешегі дерек бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары туралы бұйрығы күшіне енген. Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады.

Құжатта жергілікті әкімдіктер бюджеттің кредит қаражатын сенім білдірілген өкілге тапсырма шарты бойынша береді. Ал жергілікті әкімдіктің өзіне бұл кредит республикалық бюджеттен 0,01 пайыз жылдық сыйақымен берілетін көрінеді.

Жалпы бұл кредит жоба ұсынушыларға 10 жылға дейінгі мерзіммен, ең жоғары сомасы 5 миллиард теңгеден аспайтындай етіп, номиналды жылдық сыйақы мөлшерлемесін 2,5 пайыздан асырмай, АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған. Ал кредит тауарлы сүт фермалары (қуаты 400 бастан бастап); етті бағыттағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна құс етінен бастап); көкөніс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап); қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдаланылатын суармалы егіншілік (картоп пен көкөністер, азық өндірісі) үшін қарастырылған. Әрине, кредит алушының кепілге қоятын мүлкі болуы шарт. Бұл ретте негізгі борышты өтеуге 24 айдан аспайтын жеңілдік мерзімі беріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<