ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ
Қызылорда қаласы №36 11 тамыз 2023 жыл
2022 жылға арналған түзетілген облыстық бюджет кірістер бойынша 100,1 пайызға атқарылған (бекітілген бюджет бойынша жоспар 436 482 584,0 мың теңге, түзетілген бюджет бойынша 474 114 768,6 мың теңге жоспар 474 761 749,9 мың теңгеге орындалған), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 101,6 пайызға (бекітілген бюджет бойынша жоспар 35 101 400,0 мың теңге, түзетілген бюджет бойынша 40 053 388,3 мың теңге жоспар 40 700 369,7 мың теңге) орындалып, 646 981,4 мың теңге артық түскен.
2022 жылдың қорытындысымен облыстық бюджет шығындар бойынша (бюджеттік кредиттер мен қаржылық активтерді сатып алуды қоса алғанда) 99,8%. Жете игерілмегені 1 206 898,5 мың теңге, оның ішінде бюджет қаражатының үнемделгені 312 735,7 мың теңгені құрады, субъективті себептермен игерілмегені 894 162,8 мың теңге.
Бюджет қаражатын субъективті себептермен игермегендер қатарында:
«Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі – 402 951,4 мың теңге, «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі – 282 882,7 мың теңге, «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі – 278 533,6 мың теңге, «Қызылорда облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі – 142 867,9 мың теңге, «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі – 45392,0 мың теңге, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі – 28 846,2 мың теңге, «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі – 7977,2 мың теңге, «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі – 7 537,9 мың теңге, «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі – 7442,3 мың теңге, «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі – 1368,7 мың теңге.
Сонымен қатар, республикалық және облыстық бюджеттерден аудандар мен Қызылорда қаласына бөлінген нысаналы трансферттер бойынша 971 889,7 мың теңге игерілмеген.
Бюджет қаржысын игеруде 2 120 816,2 мың теңге дебиторлық және 495 816,2 мың теңге кредиторлық қарыз қалыптасқан.
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV кодексінің 130-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 474 114 768,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 34 291 455,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 5 697 516,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 64 416 мың теңге;
трансферттер түсімі– 434 061 380,3 мың теңге;
2) шығындар–477 023 157,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу– 3 776 978,4 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 14 776 952,2 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 999 973,8 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 1 883 085,5 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 1 883 085,5 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 8 568 452,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 8 568 452,6 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 12 220 289,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 9 415 121,9 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 763 285,5 мың теңге.
2. Қызылорда облысы әкімінің облыстық бюджеттің атқарылуы және өңірдің салық-бюджет саясатының тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасы;
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының 2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі туралы баяндамасы;
Қызылорда облыстық мәслихатының экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бойынша қорытынды баяндамасы қаперге алынсын.
3. Қызылорда облысының тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы есебі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Қызылорда облысының әкімдігіне:
1) қаржының игерілмеуіне жол берген бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне ағымдағы қаржы жылының көрсеткіштерін жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылдау;
2) Облыстық басқармалар (бюджеттік бағдарламалар әкімшілері) басшыларына және аудандар және Қызылорда қаласының әкімдеріне бөлінген қаржыны, оның ішінде нысаналы трансферттерді игеруі және оларға мониторинг жүргізу жауапкершілігін жүктеу;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттік жоспарлаудың және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері бойынша ұсынылатын есептердің сапасын арттыру;
4) Қызылорда облысының даму бағдарламасын іске асыру және бюджеттің атқарылуы барысында кемшіліктерді болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдау ұсынылсын.
5. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қызылорда облыстық
мәслихатының төрағасы Н.Байқадамов
Шешімнің қосымшаларын https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kzo/documents/details/446790?lang=kk сайтынан оқи аласыздар
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<