Жеке сот орындаушысының тағылымдамадан өту тәртібі

507

0

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №561 бұйрығымен «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасы» бекітілген.

Тағылымдамадан өтудің мақсаты – жеке сот орындаушысы қызметінің кәсіби, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгеру болып табылады.

Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін тағылымдамадан өтуге ниет білдірген тұлға «Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы жанындағы оқу орталығы» мекемесіне (бұдан әрі – Оқу орталығы) еркін нысанда өтініш береді.

Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішке1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

4) «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына психикалық мінез-құлық бұзылулары бар науқастардың қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер (динамикалық бақылауда тұрғаны (не динамикалық бақылауда болмауы туралы);

5) «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қосымшаға сәйкес мәліметтер (наркологиялық бұзылуларымен науқастардың динамикалық бақылауда тұрғаны (не динамикалық бақылауда болмауы туралы)

6) «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

7) көлемі 3х4 сантиметр екі фотосурет.

Тұлғаның бір жыл атқарушылық іс жүргізу саласында жұмыс өтілі болмаған кезде тағылымдамадан өту мерзімі кемінде алты айды құрайды.

Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Оқу орталығы және тағылымдамадан өтуші азаматтық заңнамаға сәйкес Республикалық палатаның ол тіркелген жері бойынша филиалдары арқылы тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.

Тағылымдама ақылы негізде күндізгі бөлімде күніне кеміне төрт сағаттан жүзеге асырылады.

Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту үшін ақы төлеу мөлшері тағылымдаманың әрбір айы үшін есеп айырысу жүргізілген күні белгіленген он айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Тағылымдамадан өту үшін төлемді тағылымдамадан өтуші ай сайын ақы төлеуге жататын тағылымдамадан өту айының алдындағы бірінші күнінен кешіктірмей оқу орталығының шотына енгізеді және тағылымдамадан өту туралы шарт жасалғаннан кейін тікелей жүзеге асырылады.

Тағылымдамадан өту туралы қорытынды оны бекіткеннен кейін екі жыл ішінде жарамды болып табылады.

Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тартқан жағдайда тағылымдамадан өтуші жалпы негіздерде қайта тағылымдамаға жіберіледі.Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, тағылымдамадан өтуші оған сот тәртібімен шағымдана алады.

Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің м.а. 26.08.2022 № 711 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

З.ЕРЖАНОВА,

 Қызылорда облысы

 Әділет департаментінің

бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<