Әлеуметтің әл-ауқатын арттыру маңызды

931

0

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының кезекті XXVI съезі 2 қыркүйек күні онлайн режимде өтті. Елдегі 2 миллионға жуық жұмыскерлердің мүддесін білдіруші азаматтық қоғамның ажырамас бір бөлігі және үлкен қоғамдық ұйым,  біздер, кәсіподақтар, мемлекеттің даму бағыттарын толық қолдаймыз.

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған негізгі бағыттар, оның ішінде әлеуметтік мәселелер кәсіподақтар қозғалысының негізгі жұмыс қағидалары мен  құндылықтарымен астасады. Сондықтан кәсіподақтар әлеуметтік әріптестерімізбен бірге Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған стратегиялық мақсаттарға жету үшін бар күш жігерімізді саламыз.   

Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезі алдағы бес жылдағы атқарылатын жұмыстарымыздың бағытын нақтылады. Съезге жалпы аймақтағы 11 салалық кәсіподақ ұйымында біріккен 100 мыңға жуық кәсіподақ мүшесінен сайланған 3 делегат, менімен бірге облыстық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» Жастар кеңесінің мүшесі, білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық салалық кәсіподағынан делегат, Қорқыт Ата атындағы университеттің студенттер кәсіподақ ұйымы төрайымы Әйгерім Тынысбекова, облыстық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағынан делегат, облыстық филармония бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қанат Заитов қатысты.

Мемлекет басшысы Халыққа Жолдауында еліміздің бағыт алатын 7 түрлі жаңа экономикалық бағыттарын айқындады, оның ішінде барлық жәрдемдер мен міндеттердің әділ бөліну принципі басымдық алған. Мемлекет дамуының негізгі бағыттары – әлеуметтік мәселелердің шешілуі, орта және кіші бизнесті қолдау, елдің өндіруші потенциалын дамыту, әл-ауқаты мен бәсекелестікке қабілеттігін арттыру болып отыр.

Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезі «Әділеттілік пен дамуға бірлікпен» ұранында өтті. Ел Президентінің халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған Жолдауын біздер – кәсіподақтар үлкен серпіліспен қолдай отырып, кәсіподақтар мен әлеуметтік әріптестеріміздің алдында өте қажетті де маңызды міндет тұрғанын жауапкершілікпен түсінеміз. Ол – қүрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайдан барынша аз шығындармен шығу және әрбір қазақстандықтың ертеңгі күнге деген сенімін сақтау. Осы мақсаттағы жұмыстарда, мен  барлық жұмыскерлерді, кәсіподақтарды, әлеуметтік әріптестерімізді бірлігімізді көрсетуге шақырамын.

Серік Сермағамбетов,

аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<