Айдос Сұлтанғали – жеңімпаз

890

0

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен грек-рим күресінен Әлем кубогында қызылордалық Айдос Сұлтанғали жеңіс тұғырынан көрінді.

Дүбірлі  додаға  көптеген елден мықты балуандар келді. Олардың қатарында күрес түрлерінен үздіктер саналатын Түркия, Әзербайжан, Иран, Қырғызстан және Әлем құрамалары бақ сынасты. Айта кететін жайт, Әлем құрамасына дүние жүзінің ең мықты палуандары жиналған. Олардың қатарында 60 келіде қызылордалық Айдос Сұлтанғали сынға түсті.

Айдос бозкілемде әзербайжандық және түркиялық қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіс тұғырына көтерілді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<