Айыппұл салынады

585

0

Қала ішіне басқа облыстар мен елді мекендерден карантинге жатқызылған өнімдерді – жеміс-жидектер, көкөністер, гүлдер, тұқымдық материалдарды өткізу мақсатында тасымалдау жүргізіледі. Сонымен қатар шет мемлекеттерден  ағаш (бөрене) өнімдері жеткізіледі.

ҚР «Өсімдіктер карантині» туралы Заңының 13-бабының 4-тармағында карантинге жатқызылған өнімдерді ел аумағынан тыс жерлерге тасымалдау кезінде фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар болуы тиіс.

Аталған сертификаттар ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеніндегі комитетінің қала және аудандық аумақтық инспекциялары мен мемлекеттік қызмет көрсету арқылы беріледі.

Бақылау, қадағалау кезінде карантинге жатқызылған өнімдерді өткізуші кәсіпкерлерде фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар болмаған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 400 бабының негізінде хаттама толытырылып, айыппұл салынатындығы ескертіледі.

Е.ӘБІШЕВА,

ҚР АШМ АӨК МИК-нің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясының

бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<