Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

359

0

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Қазгидромет 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, барикалық алқаптардың тез өзгеруіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауады. 9 қарашада оңтүстікте, 10 қарашада батыста, 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада еліміздің шығысында жауын жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнгі сағаттарда ауа температурасы төмендейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<