Алдағы уақытта +20 градусқа дейін жылы болады

652

0

BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған, ауа райы болжамын жариялады.  

Көктем келгенімен, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары оны әлі сезіне алмады – суық антициклон бұл өңірлерде аязды ауа райын негізінен жауын-шашынсыз ұстап тұрды.

Алайда 4 наурызда циклон Жерорта теңізінен еліміздің аумағына ауыса бастайды, соның ықпалынан жауын-шашынды болады.

Солтүстік аймақтардағы термометр бағандары күндізгі уақытта 0-5 градусқа дейін, ал оңтүстік аймақтарда тіпті 15-20 градусқа дейін көтеріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<