Анасының хоббиін кәсіпке айналдырған

503

0

Қызылордалық кәсіпкер Гүлназ Хожаева анасының хоббиін табыс көзіне айналдыруды мақсат етіп, 2013 жылы «Almatex» брендімен тігін цехын ашты.

Кәсіпкер бастапқыда әйелдерге арналған көйлек шығарса, бүгінде әйелдер мен ерлерге арналған спорттық үлгідегі киімдер тігуде.

Маталар Түркия мен Ресейден әкелінеді. Өнімдерін тапсырысқа сәйкес еліміздің әр өңіріне жеткізуде.

Шағын цехта 3 адам жұмыс істейді.

– Біздегі басты мақсат – шағын цехты үлкен тігін шеберханасына айналдыру. Әрине ол үшін бізге қызылордалықтардың қолдауы қажет. Отандық өнімді іздеген қала тұрғындарын Абай даңғылында орналасқан “Almatex” дүкенінің тұрақты сатып алушысы болуына шақырамын, –  дейді кәсіпкер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<