Ардагерге құрмет

754

0

Артығали Шаймерденов ақсақалды жас теміржолшылар ұстазы әрі тәлімгері санайды. Өйткені, ол – осы саланың тәжірибелі маманы әрі ардақты аға буын өкілі.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Nur Otan» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева мен Қызылорда теміржол бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразбек Өмірзақов, Артығали Шаймерденовтің үйінде болып, ардагерге құрмет көрсетті.

Саналы ғұмырының 45 жылын, оның 33 жылында поезд диспетчері болған ақсақалдың өнегелі жолын бүгінде шәкірттері үлкен абыроймен жалғастырып келеді.

«Поезд диспетчері болып жұмыс істеу оңай емес, бірақ өте қызықты болды. Ұжымның ерекшелігі тапсырылған жұмысқа деген жоғары жауапкершілік пен тәртіп еді. Күніне жолаушылар поездарын есептемегенде 45 жұп поезды өткізіп отыру төзімділік пен  қайсарлықты қажет ететін. Теміржол желісінде тасымалдау үрдісінің қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілікті  мойнымызға алып, біз осыны орындадық. Осылайша ел экономикасының дамуына өзіндік үлесімізді қосып отырдық. Тіпті 12 сағаттық жұмыста әкелген тамақты ішпей, үйге алып қайтатын кездерім жиі болатын. Бүгінгі ұрпақ, техниканың  дамыған уақытында қызмет жасап жатыр. Ендігі жерде олар көп оқып, жауапкершілік қағидатын қатаң сақтап, ел игілігіне жұмыс жасау керек, – дейді ардагер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<