Астанаға Түркіменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов келді

298

0

Астанаға Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді, деп хабарлайды үкімет Telegram-дағы ресми арнасында.

Мәртебелі мейманды әуежайда премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды. Бүгін Гурбангулы Бердімұхамедов бақылаушы елдің өкілі ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін бұған дейін Қазақстанға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері және Мажарстан премьер-министрі келген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<