Ауылдың кіріс көзі – сол ауылдың мәдениеті

337

0

Елдің әлеуметтік-экономикалық да­муының жалпы деңгейімен, азамат­тық қоғамның дамуымен, жергілікті халықтың өміріне тікелей әсер ететін басқа да жағдайлармен байланысты көп кезеңді және серпінді құбылыс мемлекетімізде жергілікті өзін-өзі басқарудың қа­лыптасуы екені белгілі. Осы орайда қалыптасқан бюджеттің  төртінші деңгейі – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асып жат­қан өңірдегі 65 ауылдық округ бюд­жетінің жылдық жоспары 1 млрд теңгеден асады. Оны мына салықтық және салықтық емес түсім түрлері құрайды:

– төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы;

– жеке тұлғаның мүлік салығы;

– жеке және заңды тұлғалардың елді мекендеріндегі жер салығы,

– жеке және заңды тұлғалардың көлік салығы,

– сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін өтем,

– әкімдер белгілеген айыппұлдар,

– жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары,

– коммуналдық меншіктен түс­кен табыс,

– коммуналдық меншіктегі мү­лік­ті жалға беруден түсетін кірістер,

– коммуналдық мемлекеттік кә­сіп­­орындардың таза кірісінің бір бөлігі;

– коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесі бойынша кірістер;

– өзге де салықтық емес түсімдер.

Бюджет кірісіне 9 айда 836,2 млн теңгенің түсімі түсті. Ауыл әкіміне жүктелген міндеттердің бірі – ауылдық округтердің дамуына мүмкіндік бере­тін әрбір салық төлеушіден қолда­ныстағы заңна­маларға сәйкес, уақы­тылы салығын талап етіп, бюджетке түсіру. Бұл өз кезегінде ауыл бюджетіне де, аудан бюджетіне де көмегін тигізері сөзсіз.

Сонымен бірге, аудандық ма­ңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құ­қық бұзушылық туралы істерді қа­рау және әкімшілік айыппұл салу бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 17-бабымен жұмыс жасай алады. Бұл да – қосымша кіріс көзі. Елде әрбір азамат тиісті салықты төлеп, төлем жасауға міндетті. Олай болса, ауылдағы салық төлеушілер көлеңкеде қалмай, жыл сайын тиісті салығын төлеп тұрса, бюджетке түскен кіріс сол ауылдың игілігіне жұмсалатыны анық. 

2020-2022 және одан кейінгі жылдарға арналған аудандық ма­ңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері осы әкім­шілік-аумақтық бірліктер халқының санына қарамастан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ­тердің аумағында жалғасады. Сондықтан, дербес бюджеттің қа­лыптасуына, ел дамуындағы жаңа бастамаларға өңірдегі қалған 81 ауылдық округ те үлес қосуы тиіс.

А.НҰРАСЫЛОВА,

облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<