Баға бақылауда

576

0

«Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасының аясында тұрғындардың әлеуметтік желідегі өтініштері мен ұсыныстарынан туындаған балалардың мектеп формасы, оқу құралдары қымбаттауына байланысты базарлар мен сауда орталықтарында қоғамдық бақылау өткізді.
Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Ілімжауһар Сартова, ҚЖО Қызылорда облысының филиалының директоры Қаршыға Есимсейтова, «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының үйлестірушісі Перизат Әбдіғапбар, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сауданы дамыту бөлімінің әдіскері Пралиев Ержан Ермашұлы, әкімшілік бөлімнің баспасөз хатшысы Жалғас Мереке жүргізді. Бақылау барысында базарлар мен сауда орталықтарында мектеп формалары, мектеп жабдықтарының бағалары шарықтап тұрғанын байқады. Саудагерлер сырттан келетін тауарлардың бағасын төмендету мүмкін емес деп ақталды. Халыққа бірінші кезекте қажетті тауарлардың бағасын себепсіз қымбаттатпау туралы ескертілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<