Байқоңыр күн электр станциясының жұмысы тұрақты

467

0

Қазақстан Республикасы Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті Қызылордаоблысының Шиелі ауданындағы 50 мегаваттық «Байқоңыр» күн электр станциясы белгіленген режимде тұрақты және сенімді жұмыс істейтінін хабарлайды.

Қазіргі ақпаратқа сәйкес, 2020 жылғы21мамырдағы жағдай бойынша «БайқоңырSolar» ЖШС күн электрстанциясында 150 мың фотоэлектрлік панель, 14 орталық инверторлық электр станциясы және 220/20 кВ «Байқоңыр» қосалқы станциясы жұмыс істеп, одан 25,6 МВт орташа тәуліктік сағаттық электр энергиясының Ұлттық электр торабына берілуімен өндірілді. Бұлтты ауа райының салдарынан күн сәулесінің төмендеуіне байланысты электр энергиясын өндірудің төмендеуі орын алды.

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<