Байыпты бастама

822

0

«Nur Otan» партиясы барынша белсенді, жаңашыл тұлғаларды анықтау үшін партияішілік праймериз өткізуді қолға алды. Бұл бастама – елімізді әлемнің ең дамыған елдерімен теңестіретін аса маңызды қадам десек болады. Көшбасшы партия бұл жобаны еліміздегі беделді, белсенді, өткір ойлы азаматтармен бірлесіп жүзеге асырмақ. Өйткені мұндай ауқымды жұмысқа бүкіл қоғам болып жұмылудың берері мол екені сөзсіз.

Елдің игілігі мен халық­тың қолжетімділігіне бағыт­талған бұл істен әрбір бел­сенді тыс қалмайды деп се­­немін. Өйткені халыққа ең жа­қын топ, олар – ел-халықпен кері байланыс орната біле­тін белсенділеріміз. Бұл бас­таманың маңызы – халық­тың əлеуетін көтеру мен ел игілігіне бағыттау. «Nur Otan» партиясы тарапынан халықпен кері байланыс ар­наларын орнатуға ерекше на­зар аударылған. Сол мақ­сатта елімізде партия баста­масымен қолға алынған прай­мериз тәсілімен Мəжіліс пен мəслихаттарға депутаттыққа үміткерлер іріктелмек.

Бұл жобаның еліміздің жаңа тарихи даму кезеңімен сабақтасып, қоғамның барлық саласында уақыт ағымына сай саяси, əлеуметтік үдерісімен үндесуі көптеген игі істерге серпін берері анық.

Бекқали БЕКБАУЛОВ,

«Қазалы Жолаушы» ЖШС директоры,

«Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<