Балалар технопаркінің бағыты

522

0

Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті-Елбасы ­Н.Назарбаевтың   «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3D-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек» деп тапсырылған еді. Соған орай қосымша білім беру педагогтары бірнеше тың жобалар ұсынды.

Қосымша білім беру әдіс­темелік орталығы жұмысының заман талабына сай жүргізілуін көздеп әзірленген «IT іMAQ Shieli»  балалар технопаркінің жобалық  жол картасына    облыстық  бюджеттен  11,6  млн  теңге  қаржы  бөлінді. «Nur Otan» партиясының  балаларға арналған тегін ІT сыныптар жобасы негізінде жүзеге асып отыр.

2017 оқу жылынан бастау алған  орталығымызда жаңа  үйірмелердің негізінде қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту  барысында  3 кабинет  ашылды. SmartLab бағдарламалау, Робототехника, Цифрлық зертхана -3D модельдеу үйірмелеріне орталық және ауыл мектептерінен 90 оқушы қамтылған.

«IT іMAQ Shieli» балалар  тех­нопаркінде  техникалық   және  ақпараттық  технология­лық бағыттағы  үйірме  жұмыс­тары жетілдіріліп, алғашқы техникалық модельдеу, пилотсыз басқару жүйесі, лего конструкторлау, 3D модельдеу  зертханаларын ашып, балалардың техникалық шығармашылығын дамытудамыз. Тәжірибе жинақтап алған соң орталықтың базасында «Робототехника» бойынша қала мектептері арасында өткізіліп жүрген жарыс­тар ауқымын кеңейту жоспарлануда. 

Гүлшат ЖИЕМБАЙ,

оқушылар үйінің қосымша білім беру

 педагогы.

Шиелі ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<