Beeline «250+» жобасы Қызылорда облысында қалай жүріп жатқанын баяндады

397

0

Beeline компаниясы Қызылорда облысында «250+» жобасының бірінші кезеңін сәтті аяқтады.

Ұялы байланыс операторлары 2020 жылы желі құрылысына өз қаржысын салғандықтан, жұмыс кезең-кезеңімен жүрді және барлық ауылға интернетті бірден тарту қиын болды. Компания 2021 жылы желіні түрлендіруді жоспарлап отыр – Қызылорда облысындағы шағын ауылдарда интернет жылдамдығы артып, байланыс сапалы болады.

— 2021 жылы «250+» жобасы бойынша барлық ауыл­ды аса шапшаң 3G/4G мобильді интернетіне және сапалы жерсерік байланысына көшіреміз. Бұған мемлекеттің қолдауының арқасында қол жеткіздік – 2020 жылы желтоқсанда салық жеңілдіктері туралы заңға қол қойылды, ол операторлардың еліміздегі шалғай ауылдарда желіні түрлендіруіне мүмкіндік береді. Мысалы, еліміздің барлық өңіріндегі FWA байланысы бар 125 ауылды 3G және 4G мобильді интернетіне толық көшіреміз, – дейді Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков.

Халық саны аз ауылдарға байланыс таратудың ұялы байланыс операторлары үшін шығыны көп, себебі болашақта қосылатын абонент саны аз болса, желі құрылысына инвестиция салу өзін-өзі ақтамайды. Соған қарамастан, Beeline жеңілдіктер туралы заң жобасы күшіне ­енбей тұрып, желі құрылысын салуды бас­тады.

2020 жылы оператордың ауқымды жұмыстарының нәтижесінде Қызылорда облысында трафик тұтыну көлемі 50%-ға өсті. Мысалы, Beeline желісіндегі интернет қолданушы 2019 жылы орта есеппен айына 8,2 ГБ трафик пайдаланса, 2020 жылы 12,3 ГБ тұтынатын болды.

— Қызылорда облысының шалғай орна­­ласқан ауылдары да шапшаң интернетке қосыла алады, адамдар интернет-трафикті көп тұтына алуы үшін желінің сыйымдылығын арттырамыз, сондай-ақ интернет тұрақты әрі шапшаң жұмыс істейтін сапалы трансмиссияға көшеміз, — деп қосты Олег.

Қазір Beeline компаниясы Қазақстанда 9,7 млн абонентке қызмет көрсететінін және Қазақстандағы ең ірі 30 салық төлеушінің бірі екенін естеріңізге саламыз.

«КаР-Тел» ЖШС. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінен 24.08.1998 ж. берілген мемлекеттік лицензия №ДС0000317

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз