Белгілі журналист Дана Нұржігіттің марқұм болған бірінші күйеуін еске алды

212

0

Фото: ашық дереккөз

Осыдан бірнеше күн қазақстандық тележүргізуші, медиаменеджер Владимир Рерих 67 жасында қайтыс болды. Танымал журналист Жайна Сламбек Дана Нұржігіттің марқұм жұбайын еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Ол кісі кәсіби білікті, өте білімді, болмысы шығармашыл адам еді. Қарама-қайшылығы да бар, өте қызық, терең адам болатын. Менің досым Дана бірнәрсені сезгендей, жаңа жылдың алдында ұлын апарып, әкесімен жүздестіріп қайтты. Хабарды естіген бойда, соған «Шүкір» дедім. Құрбымның тереңнен ойлайтын қасиетіне ризамын. Дананың ұлы әкесіне хат жазыпты. Өзі көрсетті. Оны жариялауға қақым жоқ. Тек бала махаббатына тұнған сезімге толы хатты Рерихтің оқымайтыны өкінішті. Жатқан жерің жайлы болсын, Владимир Ахмадянұлы! Дана ұлын мықты азамат қылып өсіреді. Оған күмәнім жоқ. Тек сен алыста – Германияда тұрсаң да, «Бар» деген сезім жан-жағын толық қылып тұратын…», – деп жазды Жайна Сламбек Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Владимир Рерихтің 67 жасында өмірден өткені белгілі болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<