Биыл «Сыр сұлуы» сортының көлемі артады

580

0

Қызылордалық диқандар биыл су тапшылығының алдын алу бағытында қандай жұмыстар атқарады? Егілетін дақылдарды әртараптандыру мақсатында жоспарланған жұмыстар барысы қалай?

– Былтыр жергілікті еңбекшілер судан қиындық көргені белгілі. Ол жағдай биыл да қайталануы мүмкін. Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, дарияның жоғары бөлігіндегі су қоймаларында жиналған су мөлшері төмен. Мәселен, қазір «Шардара» су қоймасында 3,9 млрд текше метр су қоры бар. Оның жалпы сыйымдылығы – 5,2 млрд текше метр. Дәл осындай қырғыз жеріндегі «Тоқтағұл» су қоймасында да кездесіп отыр. Сондықтан биыл күріштің көлемі 5,1 мың гектарға азайтылады. Оның орнына әртараптандыру бағыты бойынша дәнді, майлы дақылдар егіледі. Жалпы, биыл облыста 188,2 мың гектарға егін егу межеленіп отыр. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 96,6 мың, майлы дақылдар 6,7 мың гектарды құрайды.  Ал 66,4 мың гектарға мал азықтық және 18,4 мың гектарға картоп, көкөніс-бақша дақылдары егіледі, деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл облыста күріштің «Сыр сұлуы» сортын егуге маңыз беріледі. Аталған сорттың вегетациялық мерзімі 100-105 күнді құрайды. Ол өзге сорттармен салыстырғанда 15-20 күнге аз.  

– Алдағы егін маусымына жалпы 21 090 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы, 638 тонна жаздық бидай, 50,4 тонна арпа, 8,6 тонна тары, 215,6 тонна жоңышқа және 164,2 тонна мақсары тұқымы қажет. Қазір минералдық тыңайтқыш, машина-трактор паркін жаңалау бағытында игілікті істер атқарылуда, – деді басқарма басшысы.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<