БІЛІКТІ МАМАНДАР МЕРЕЙІ

348

0

Мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл толуына орай  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметшілер әулеті» атты тақырыпта үздік бейнеролик  байқауы өтіп, жеңімпаздар анықталды. 

Жиында департамент басшысы Абзал Мұхимов  өскелең ұрпақтың мемлекеттік қызметке деген қызы­ғушылығын арттырып, отбасы мүшелерінің ізін жалғастыру, ха­лыққа адал қызмет ету, мемлекеттік қызметті абыройлы атқаруды дә­ріптеу мақсатында өткізілген  байқаудың маңыздылығы жайында кеңінен баяндады. Сонымен бірге алдағы уақытта  мұндай шаралар жалғасын таба беретінін айтып, жеңімпаздарды марапаттады.

Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағ­­дарламалық мақаласы ая­сында өткен  байқаудың басты мақсаты аймақтағы мемлекеттік қызметшілер династияларын та­ныс­тыру болды.

Биылғы жылдың 16-19 нау­рызы аралығында өткен сайысқа қала­лық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерден 8 сұраным түскен. Байқау шарты бойынша  бейнероликте  үміт­кер  қызметі,  отбасы туралы әңгімелейді. 

Айта кетейік, байқауға қатыс­қан бейнероликтер департаменттің әлеу­меттік желідегі  парақшасына  жария­ланып, жеңімпаздарды фейс­­бук жазылушылары ашық дауыс беру арқылы анықтады.

Байқау нәтижесі бойынша  І орынды Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев жеңіп алды. Екінші орынды Арал ауданы, Жіңішкеқұм ауылдық ок­ругі аппаратының бас маманы Мейрамбек Сатекеев алса, үшінші орынды Қармақшы аудандық эко­номика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Мұратбек Тұрғанов иемденді.

Барлық жүлдегерлер мен қаты­сушылар  және мемлекеттік салада белсенді қызмет атқарып жүрген бірқатар азаматтар департаменттің Алғыс хаты және бағалы сый­лықтармен  марапатталды.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр  бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<