Газ бағасына түсіндірме берілді

546

0

Кеше облыстағы табиғи газ бағасының негізділігін түсіндіру мақсатында ҚР энергетика вице-министрі А. Хасеновтың және «QazaqGaz» ұлттық компаниясы өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өткізілді.

Жиынға «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Л.Төрешова, мемлекет және қоғам қайраткерлері И.Абибуллаев, Қ.Баймаханов, облыстық прокуратура өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, аумақтық және жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.

Мәжілісте министрлік тарапынан газдың тұтыну көлемі, жеткізілу көздері және бағаны қалыптастыру жүйесі туралы ақпараттар берілді.

Зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері мұнай кеніштерін электр энергиясымен жабдықтаушы «Кристалл Менеджмент» компаниясының газ тұтыну көлемдерін қайта қарау, «Ақшабұлақ» газ құбырын облыс тұрғындарының қажеттілігіне толықтай бағыттау арқылы газ бағасын төмендету бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Мәжіліс қорытындысымен министрлік өкілдері өз тарапынан айтылған ұсыныстарды Ұлттық экономика министрлігі, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірге толықтай зерделеп, тиісті талдау жасайтынын мәлімдеді. Айта кету керек, мәселе облыс әкімінің тікелей назарында.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<