«Ханшатыр» тойханасы сауда орталығына айналды

953

0

Арал ауданындағы «Ханшатыр» тойханасы осы жылдың ақпан айынан бастап «Алматы сити» аралас сауда орталығына бағытталып, кәсібін жүргізуде. Өз қаражаты арқылы бизнесін ашқан кәсіпкер Ғазиз Камалов 16 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Сауда орталығында аудан тұрғындарына қажетті барлық киім-кешек, балаларға арналған ойыншықтар, ыдыс-аяқ пен тұрмыстық заттар сатылады. Кәсіпкер тауарды 5 елден, яғни Түркия, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Кореядан алдырады. Тұрғындар үшін тиімділігі мұндағы заттар базар бағасынан төмен.

Тағы атап өтсек, сауда орталығы басшылығының қолдауымен бұл жерде мүмкіндігі шектеулі жандарға кез-келген қажетті затын 50 пайыз жеңілдікпен алуына мүмкіндік бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<