Ішкі жолдардың 83 проценті асфальтталды

451

0

Сырдария ауданында жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 92 пайызы жақсы және қанағаттанарлық дәрежеде. Ішкі жолдардың 83 пайызы асфальтталды. Биыл Сырдария ауданында 19,7 шақырым жол орташа, ал екі шақырымы күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

Сондай-ақ, Тереңөзек кентіндегі Бердіқұлов көшесіне асфальт төселеді.

– Ауданның жолдар желісін дамытуға өткен жылы республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 2,6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерінің 70,1 шақырымы, яғни 51 жол және көше жөндеуден өткізілді, – деді Талғат Тұрсынұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<