Электр энергиясын тұрақты өндірілуде

430

0

Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы зауытының энергокешені белгіленген режимде тұрақты және сенімді жұмыс істейді – деп Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті хабарлайды. 2019-2020 жж.күзгі-қысқы кезең апатсыз режимде өтуде.

2020 жылғы 20мамырдағы шұғыл ақпаратқа сәйкес электр энергиясының орташа тәуліктік сағаттық өндірісі 12,2 МВт құрайды, оның ішінде зауыттың жеке тұтынуы 4,4 МВт құрайды, жүйеге 7,8ВЛ-35 кВ Л-3 – 3,9 МВт, Л-4 – 3,9 МВт, Л-57 – 0 МВт,  «ҚЭТТК» АҚ арқылы беріледі, бұл ретте желіге берілген электр энергиясы басқа энергия көздерінің электр энергиясына қатысты арзанырақ, «Қызылорда ЭТТК» АҚ электр энергиясының технологиялық шығындарына жұмсалатын шығындарды жабу үшін сатып алады.

  Осы энергия көзіндегі отын – күкірт пайдалану қорының көлемі нормативтік талаптарға сәйкес келеді және 30 тәулікке үздіксіз жұмыс қорын қамтамасыз етеді.

  Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<