Келелі мәселелер кезектен тыс қаралады

308

0

Облыс басшысының тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Оған комиссия мүшелері, басқармалар мен департамент басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 3 өзекті мәселе талқыланды.

Суға түсу маусымы жақындаған уақыттан қауіпсіздік шаралары күшейтілсе де, биыл су айдындарында 35 жағдай тіркеліп, 27 адам қаза болған. Ал құқтарушылар 8 адамды ажалдан арашалап қалды.

Өкінішке қарай, жыл сайын қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан қайғылы оқиға тіркелді. Бұл ретте М.Жайымбетов қала, аудан әкімдеріне өз аумақтарында жағажайлар ашып, олардың демалыс орындарының талаптарына сай болуын қарастыру жөнінде тапсырма берді.

Отырыста қаралған тағы бір мәселе – облыс аумағында орналасқан су шаруашылығы нысандары мен гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайына жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі.

Облыс әкімінің орынбасары «Ақлақ» су торабына жөндеу жүргізу бойынша тиісті жұмыстарды пысықтауды жүктеді.

Облыста өрт оқиғаларының басым көпшілігі электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болса, газ-баллондарын дұрыс пайдаланбау салдарының да зардабы аз емес.

Комиссия отырысында алдағы жылу маусымы кезінде туындайтын өрт қаупінің алдын алу жайы да назардан тыс қалмады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі