Көшелерді қар суынан тазартуда

547

0

Ақпан айының бірінші он күндігінде толассыз жауған қардың шамадан көп болуына байланысты Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кенті көшелерінде еріген қар суы жиналып қалды.

Табиғаттың тылсым құбылысының салдарынан орын алған мәселелер аудан әкімінің қатаң бақылауына алынып, көше бойында жиналған қар үйінділері мен суларды тарту, тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген кестеде үздіксіз жүргізілуде. Арнайы техникалар алдымен әлеуметтік нысандар орналасқан көшелер, жаяу жүргіншілер жолы, аялдамалар маңы және 5 квартал аймағында түнгі уақытта да қарқынды жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге дейін 600 м3 жиналған қар сулары кент сыртына шығарылса, қажеттіліктерге байланысты арнайы техникалармен су сору, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынды.

Аталмыш жұмыстарға 20 арнайы техникалар тартылып, 30-ға жуық жауапты жұмысшылар жұмылдырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<