LG телефон шығаруды тоқтатты

250

0

LG Electronics Inc. (LG) компаниясы өзінің ұялы байланыс бөлімшесінің жабылатыны туралы жариялады. Шешім директорлар кеңесінде қабылданды.

«Компанияның мобильді телефон секторындағы бәсекелестік өте жоғары ортадан шығуы электромобиль компоненттері, «ақылды үй», робототехника, жасанды

интеллект сияқты салаларға ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді» деп жазылған LG сайтында.

LG компаниясының қазіргі телефондары сатылымға бұрынғыдай шығарыла береді. Қолданыстағы мобильді өнімдердің клиенттеріне сервистік қолдау және бағдар­ламалық жасақтама жаңартуларын ұсынады.

LG ұялы телефон бизнесін тоқтату кезін­де жеткізушілермен және серіктестермен ынтымақтасады. Жұмыспен қамтуға қатысты мәліметтер жергілікті деңгейде анықталады. LG өзінің мобильді тәжірибесін қолдануды және бизнестің басқа салаларында бәсекеге қабілеттілікті одан әрі арттыру үшін 6G сияқты ұтқырлыққа байланысты технологияларды дамытуды жалғастыра береді. LG мобильді бизнесінің жиырма жыл ішінде жасалған негізгі технологиялары да сақталып, қолданыстағы және алдағы өнімдерге де қолданылады.

Ұялы телефон бизнесін қысқарту 31 шілдеге дейін аяқталады деп күтілуде, дегенмен, кейбір қолданыстағы модельдердің құрал-жабдықтары әлі де қолжетімді болуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<