Марапат иесіне құрмет

545

0

Түркістанда ұйымдастырылған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VI құрылтайында «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат «Парасат» орденімен, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ғалым Анар Фазылжанова «Құрмет» орденімен марапатталған болатын. Оларды Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев арнайы марапаттап, қазақ тілінің өркендеуіне қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Өткен жексенбі күні барша сырбойылықтардың атынан тіл жанашыры Сәдуақас Әбдіқадырұлына облыс әкімінің құттықтау хатын облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова табыстап, құрмет көрсетті.

Сәдуақас Аңсат – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының  төрағасы, «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторы. 1945 жылдың 12 қаңтарында Қармақшы ауданының Жосалы кентінде дүниеге келген. Шымкент қаласындағы қазақ химия-технологиялық институтына түсіп, 1967 жылы «құрылыс-технологі инженері» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Шымкенттегі темір-бетон зауытында бетоншы, арматуршы болып бастаған. Мемлекеттік қызметте, қоғамдық бірлестіктерде жауапты лауазымды қызмет атқарып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан.

Қызылорда қаласында қызмет атқарған жылдары бірнеше мәрте облыстық партия комитеті мүшелігіне кандидат, қалалық кеңестің депутаты болып сайланған.

Сәдуақас Әбдіқадырұлы Қармақшы ауданы және Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<