Матч кезінде футболшының жүрегі тоқтап қалды

354

0

Фото: ашық дереккөз

Оқыс оқиғадан кейін ойын тоқтатылып, футболшылар алаңнан кетті

Кеше ағылшын премьер-лигасының 17-туры аясындағы Борнмут пен Лутон Таун арасындағы матч уақытынан бұрын тоқтатылды. Кездесудің 62-ші минуытында Лутон Таун командасының капитаны Том Локьер алаңда есінен танып қалды, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сол сәтке дейін таблода 1:1 есебі тіркелген болатын. Оқыс оқиғадан кейін ойын тоқтатылып, футболшылар алаңнан кетті. 

Ресми сайтта «Лутон» Том Локьердің денсаулығына қатысты мәлімдеме жасап, футболшы ауруханаға ауыстырылғанын айтты. Сондай-ақ футболшының жағдайы тұрақты екенін, қазіргі уақытта тексеріліп жатқанын және отбасымен бірге екенін атап өтті.

Tengri Sport-тың мәліметінше, Локьерде мұндай оқиға бұған дейін де болған. Уэльс құрамасының ойыншысы 2023 жылдың мамырында чемпионшиптің плей-офф кезеңіндегі Ковентри Ситиге қарсы матч кезінде есінен танып қалды. Стадионнан бірден ауруханаға жіберілген. Содан кейін оған жүрекше фибрилляциясы диагнозы қойылды. Алайда ота сәтті жасалып ол футбол мансабын жалғастыра алған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<