Мейіргерлер марапатталған күн

1112

0

Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне» орай, мерекелік шара болып өтті.

Салтанатты шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сабит Бексеитұлы, медицина ұйымдарының бас дәрігерлері және барша мейіргерлер қатысты.
Алдымен аймақтың бас дәрігері Сабит Бексеитұлы барша мейіргерлерді төл мерекелерімен құттықтап, өзінің жүрекжарды лебізін білдірген соң, бірқатар сала қызметкерлеріне мерекелік марапаттар табыстады.

Шара одан әрі «Мейіргерлер ісін модернизациялау» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясына жалғасты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<