Мемлекеттік рәміздердің насихатталуы мен қолданылуының жай-күйі қаралды

411

0

Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысында мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолданылуының жай-күйіне жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы, Аудандық мәдениет және спорт бөліміне қарасты мекемелерде, Мәдениет және Бұқарбай батыр ауылдық округтерінде мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік рәміздердің бекітілген Ұлттық стандарттарға және ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес пайдаланылуын, қолданылуы мен орналастырылуын қатаң бақылауда ұстап, құзырлы органдармен бірге мемлекеттік рәміздердің заңдылыққа сай қолданылу барысын тексеру мен бақылауға алуды, мемлекеттік рәміздер заңнамасын бұзушылыққа қатысты тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, заңнама бұзу фактілері анықталған жағдайда мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына тиісті шаралар қолдану аудан әкіміне немесе комиссияға ұсыныс енгізу туралы тиісті тапсырмалар берілді.

– Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуді ауданымыздағы барша азамат қасиетті борышы ретінде ұғынуы тиіс. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстарға аса мән беріңіздер. Қазақстан Республикасының рәміздері – еліміздің ең басты белгі, нышандары екені жалпыға аян. Елдің танымалдығы мен қарым – қайраты – ең әуелі рәміздердің танымалдығынан көрініп жатады. Сондықтан да рәмізді қадірлеу – елдікті қадірлеу, рәміздерді насихаттау – елдікті насихаттау болмақ. Мемлекеттік рәміздерге деген құрметіміз шексіз, қолданылуы дұрыс болсын! Осыны қатаң назарда ұстауымыз қажет. – деді А. Есжанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<