Мерекелік марапат

454

0

Биыл Әділет органдары қызметіне 30 жыл толып отыр. Сала мамандарының кәсіби мерекесі қарсаңында «Достық үйінде» салтанатты іс-шара өткізілді. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, сала қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады.

– Сіздерді Сыр жұртшылығы атынан «Қазақстан Республикасының Әділет органдарына – 30 жыл» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әдiлет органдары заң үстемдігін берік орнауын қадағалап келеді. Қоғам мен мемлекеттің тұрақты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруда, азаматтардың құқықтарын қорғауда аса маңызға ие. Әділет органдары заңның құқықтық мәртебесі мен пәрменіне, әділеттіліктің үстемдігі мен үйлесіміне, конституциялық негіздеріне барынша екпін береді. Сала мамандары – елді тұрақтандыру, біріктіру, ықтымақтастыққа ұйысу секілді ортақ мүдденің қорғаушылары, – деді Н.Нәлібаев.

Салтанатты шарада мерекеге орай бірқатар әділет саласының үздіктері ҚР Әділет министрлігінің салалық медалі, грамотасы, Алғыс хаты, облыстың Құрмет грамотасы және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Іс-шарада ҚР Әділет министрінің құттықтау хаты оқылып, өңірдегі департамент басшысы Ирина Бәкішева әріптестерін мерейлі мерекемен құттықтады. Өнерпаздар мерекелік концерт ұсынды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<