Мүгедектігі бар жандар жұмыспен қамтылған

344

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде облыста 33 мыңға жуық мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның 6 мыңнан астамы өз бетінше жұмыс істеп, әр салада еңбек етуде. Қазіргі таңда ерекше жандар үшін мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп, арнайы жәрдемақылар қарастырылған. Атап айтқанда, биыл Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 28 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат техникалық оңалту құралдарымен қамтылып, оңалтудың жеке бағдарламасы 94,2 пайызға орындалған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев хабарлады.

-Мүгедектігі бар адамдарды қолдау және оларға бағыт-бағдар беру бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Одан бөлек, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1240 мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылса, 234-і қайтарымсыз грантқа ие болды. Бүгінде облыста 34 инватакси қызмет көрсетеді. Оның ішінде 14 автокөлік кресло-арбамен жүретін жандар үшін арнайы жасақталған. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығында 912 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Бұл жандарды қоғамға бейімдеу үшін қала және аудандарда «Тең қоғам» және «Отбасын қолдау» орталықтары қызмет көрсетуде, – деді басқарма басшысы Ғабит Жұмабекұлы.

Брифинг барысында «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағатбек Сиюов ерекше жандар үшін жыл көлемінде жүргізілген негізгі жұмыстарға тоқталып өтті.

-Жыл көлемінде мүгедектігі бар балалар арасында өнер фестивальдері ұйымдастырылып, танымдық іс-шаралар өткізілді. Одан бөлек, ерекше жандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спорттық сайыстар ұйымдастырылуда. Бұл іс-шаралардың барлығы мүгедектігі бар жандардың қоғамға белсене араласуына және еңбек етуге деген талпыныстарын арттыруға үлкен септігін тигізуде, – деді Сағатбек Қуанышбайұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<