Нұрсұлтан – Азия чемпионы

1064

0

16-27 қаңтар күндері Тайландтың Бангкок қаласында Бокстан 19-22 жас арасында Азия чемпионаты өтуде. Чемпионатта ерлер арасында Сыр спортшысы 54кг салмақта Нұрсұлтан Алтынбек филиппиндік боксшыны жеңіп, 1-орынды иеленіп, Азия чемпионы атанды.

Атап айтар болсақ, Нұрсұлтан Алтынбек «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің спорт жаттықтырушы-оқытушы біліктілігі бойынша 2018-2022 жж колледж түлегі.

Ғасырға жуық тарихы бар білім ордасы бітіруші түлектерімен мақтанады. Ел намысын асқақтатқан спортшыны жеңісімен құттықтай отырып, алдағы додаларда жеңіс тұғырынан көріне беруін тілейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<