Облыстық ардагерлер кеңесі өтті

349

0

Облыстық ардагерлер Кеңесінің кезекті алқа мәжілісі өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай және ардагерлер қозғалысының белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын аймақ ардагерлері де қолдап, Жаңа Қазақстанды құруда жаңа қоғамның талап-міндеттеріне жауап беретін басым бағыттарын саралады. Жалпы, облыстық ардагерлер Кеңесі аймағымыздағы жалпыұлттық идея рухында патриоттық тәрбиелеу беруде, саяси тұрақтылықты сақтауда өз үлестерін қосып келеді. Алқалы басқосуда ел ақсақалы Ержан Уайс Президенттің елдің тұтастығын сақтап қалуда жасаған қадамына баға берді.

– Бұл шешімнің мәні тереңде. Себебі, ұлттық таным-түсінікте ерекше орны бар облыстарды дамытумен қатар халықтың рухани-мәдени деңгейін өсіріп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеріп, келешекке деген сенімін ұлғайту тұр, – деді Е.Уайс.Ардагер Қазыбай Құдайбергенов те өз кезегінде, Қонаев есімін жаңғырту жастарды тәрбиелеудің бір тетігі ретінде оң шешім екенін айтты. Халық пен биліктің арасын жалғаушы алтын көпір қызметін атқарып жүрген ардагерлер қауымы түйткілді мәселелерді дер кезінде көтеріп, ел сенімін арқалап келеді.

Қазіргі таңда, облыстық ардагерлер ұйымының қатарында 75 мыңға жуық мүше, 728 бастауыш ардагерлер ұйымына біріккен. – 1987 жылы құрылған ардагерлер ұйымының іргетасының нығаюына қарымды журналист Марат Когут, мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаев, ауыл шаруашылығы саласының майталманы Камал Бердәулетов, облыстың алғашқы әкімі, мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманов секілді ел ағалары өлшеусіз үлес қосқаны белгілі. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда ардагерлеріміздің қосқан үлесі мол, – деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы өз баяндамасында.Шара соңында өңіріміздің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген ардагер Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Махмұтбай Әміреұлын 80 жасқа толуымен құттықтады.Сондай-ақ, білім саласының үздігі, «Құрмет» ордендерінің иегері Күләй Ермағамбетованың 75 жас мерейтойы аясында Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапаттады.