Өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

692

0

Қызылорда қаласында 15 тамыздан бастап “Өрт қауіпсіздігі” айлығы бастау алды. Аралау барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтаудағы кемшіліктерді қалай жою керектігі, апаттық жағдайдағы ақаулы электр аспаптарын пайдалануға жол бермеу және жылыту мен газ пешін жылу маусымына қалай дайындау керектігі түсіндірілді.Сонымен қатар, осал тапқа жататын тұрмысы төмен 5 үйге көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғы орнатылып, 7 тұрғын үйдің мұржасы тазартылды. Аталған жұмыстар қала әкімдігі, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы, “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ қызметкерлері мен волонтерлардың қатысуымен (тұрғындармен профилактикалық әңгімелесу, өрттің алдын алу шаралары, БАҚ арқылы ақпараттандыру) тұрақты және жоспарлы түрде жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<