Премьер-Министрі отставкаға өтініш берді

923

0

Солтүстік Македония үкіметінің басшысы Зоран Заев өз қызметінен, сондай-ақ Македония социал-демократиялық одағының (СДУ) төрағасы қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұндай шешімге Заев өзі басқаратын СДСМ партиясы елдің көптеген аймақтарында жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлаудың екінші турында жеңілгеннен кейін келген сыңайлы.

Министрлер кабинетінің басшысы өз шешімін жексенбі, 31 қазанда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеген. 

Саясаткер қарсыластарын сайлаудағы табысымен құттықтады. 

Заев сонымен бірге саясаттан кеткісі келмейтінін және СДСМ қызметіне қатысуды жалғастыратынын атап өтті. 

Сайлау науқаны кезінде Заев Скопье муниципалитетінің басшысы лауазымына талас кезінде СДСМ кандидаты Петре Шилегов сайлауда жеңіліп қалса, қызметінен кететінін мәлімдеген еді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<