Пробация есебіндегі 4 азамат грант алды

847

0

Қылмыс жасап, істі болған жастарда қоғамнан шет қалмайды. Бүгінде оларды жұмыспен қамту бойынша түрлі жұмыстар жүзеге асырылуда. Жаңақорған ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық аграрлық колледжінің студенттері мен пробация есебіндегі жастарды кәсіпке тарту мақсатында арнайы экскурсия ұйымдастырылды. «Нұрбол-И» шаруа қожалығының төрағасы Изатулла Үсеновтің жеке кәсібімен танысып, кәсіп ашу үшін не істеу керектігін, бүге-шігесіне дейін сұрап, білді.

Аудандық пробация қызметінің бастығы Анарбек Ысқақовтың айтуынша, пробация есебінде 14-29 жас аралығындағы 30-ға жуық жас бар. Олардың ішінде 4 азамат «Бастау бизнес» жобасы бойынша бір айлық кәсіпкерлік негіздері курсынан өткен. Бизнес жоспар құрып, 583 мың теңге көлемінде  мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, жеке кәсіп ашқан. Бұл іс-шараның мақсаты пробация есебіндегі жастарды жұмыспен қамту. Олардың өмірден өз орнын табуға көмек көрсету. Жуырда есептегі тағы бір азамат қайтарымсыз грант алуға құжаттарын рәсімдеуде», – дейді  әділет майоры А.Ысқақов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД