Қалқабай Әбенов атындағы байқау өтеді

781

0

Облыстық «Сыр бойы» газеті басылымның байырғы редакторы Қалқабай Әбеновтің туғанына 100 жыл толуына орай баспа және электронды БАҚ өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз қаламгерлер арасында

«Туған жер – тұғырым» атты байқау жариялайды.

Жалпы ереже

Байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылады.

Байқаудың үйлестірушісі: «Сыр медиа» ЖШС және Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалы, Қ.Әбенов атындағы «Сыр журналистикасы» қоғамдық қоры.

Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар:

Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында Ұйымдастыру комиссиясы құрылады.

Байқауға туған жер құндылығы, рухани-мәдени даму, салт-дәстүр, жастар саясаты, ұлтаралық татулық, жалпы ондағы қоғамның бет-бейнесі туралы түрлі жанрдағы (мақала, сұхбат, әңгіме, очерк, жолжазба, өлең, арнайы репортаж, т.б) еңбектер жіберіледі.

Байқау материалдары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Байқауға бұрын-соңды баспа бетінде жарияланбаған, эфирден және сайттарда тек байқау кезеңінде өткен материалдар жіберіледі.

Байқауға қатысушыларға жас шектеуі қойылмайды.

Байқау материалдары тиісті баспа және телеарна жетекшілері, тәуелсіз қаламгерлердің ұсынысы бойынша қабылданады.

Байқауға әрбір қатысушы баспа бойынша материалын 6 парақтан аспайтын көлемде ұсына алады. А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. Сондай-ақ, телеарна тілшілері еңбектерін бейнетаспа түрінде ұсына алады. Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі, мазмұнның ашылуы, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәйкестігі, жаңа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынықтылығы, зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі есепке алынады.

Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комиссиясына (Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, 4 А, мекен-жайына (байланыс телефоны: 8 (7242) 40-02-17, эл.пошта syrboyi@yandex.kz) мынадай құжаттарды қоса жібереді.

1) Төмендегі деректер көрсетілген өтініш: автор туралы мағлұматтар/туған жері, күні, айы, жылы;

– жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары және 3х4 суреті.

2) байқау материалының қағаз нұсқасы және бейнетаспа.

Байқауға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды.

Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

1) 2022 жылғы 29 тамыз бен 20 қазан аралығында байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау;

2) 2022 жылғы 20-25 қазан аралығында материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;

3) 2022 жылғы 29 қазанда байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.

Байқау жеңімпаздары Қалқабай Әбеновтің ұрпақтары атынан арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастыру комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<